The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған турнир басталды

Түркістанда Сидней олимпиадасының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық бокс турнирі басталды.

Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Жұмабаев пен анасы Сырлыгүл Шойбекова және спорт жанашырлары мен жасөспірімдер қатысты.

Турнирдің ашылуында арнайы ҚР Ұлттық ұлан 6506 әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран орындалып, «Сенім мен жеңіс» атты көрініс ұсынылды. Онда Бекзаттың спорттағы жолы мен Олимпиададағы тарихи жеңісі бейнеленді.

Турнирге қатысушылар үшін бұл дода – тек жарыс қана емес, чемпион Бекзаттың рухына тағзым етіп, оның жолын жалғауға ұмтылыс.

Жарысқа 14 салмақ бойынша еліміздің 15 облысынан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 250 боксшы қатысуда. Жарыстың финалы 13 ақпан күні Б.Саттарханов спорт кешенінде өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл: жаңа әкім тексеру комиссиясының төрағасы Руслан Мелдебековті қабылдады

admin

Дархан Сатыбалды «Эко-культура» холдингінің президентімен кездесті

admin

Өртенген әйел тірі болып шықты

admin