The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда шахматтан «senat open»ашық турнирі басталды

Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды.

Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді.

Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков және  онлайн  бейнеролик арқылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.

Мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасып жатыр.

Жарыс үш кезеңнен тұрады. Алдымен іріктеу кезеңі өткізіледі. Екінші кезең жартылай финал болса, үшінші кезең, яғни,  республикалық финалдық турнир өтеді.

Кубок мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылық арасында шахмат ойынын кеңінен таратуға, сондай-ақ аймақтар мен жергілікті өкілді органдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас ауданының ұстаздары Түркістандағы жайлы мектептерге келіп, тәжірибе алмасты

admin

Жолдау: Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласында қандай шаралар қабылданады

admin

Алматы қаласының цифрландыру көрсеткіштері алға шыққан

admin