The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

Түркістанда шайбалы хоккейден 2015-2016 жылы туған балалар командалары арасында «Федерация кубогы» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жасөспірімдердің бәсекесі қаладағы «Мұз сарайында» бастау алды. Республикалық турнирге 9 команда  қатысуда. Еліміздің өңірлерінен және көршілес Өзбекстан Республикасынан командалар кім мықтыны анықтау үшін бақ сынайды.

Ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Нақыпбеков қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, тек мықтылар жеңіске жетсін деген тілегін айтты. 

Жеңімпаз және жүлдегер командалар 31 қазан күні анықталып,  хоккей федерациясы атынан сый-сияпат табысталады.

Айта кетейік, «Мұз сарайы» спорт кешенінде шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және хоккей секілді спорт түрлерін дамыту көзделген. Қазіргі таңда осы спорт түрлерінен 400-ге жуық жас спортшы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде, басқа өңірлерден тәжірибиелі жаттықтырушылар шақыртылып, облыста қысқы спорт түрлері кәсіби түрде дамып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Мысыр сыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады

admin

Елімізде өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгерді

admin

ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Түркістан облысына жұмыс сапары басталды

admin