The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістанда жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда

Түркістан қаласындағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен  жол сызықтары жаңартылуда.

Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке хан, О.Жарылқапов,Төле Би, О.Жандосов көшелерінің 123,28 км жол сызығы, 7334 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағы, 31000 шаршы метр вело жолақтардың бояуы жаңартылған.

Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мектеп пен балабақшалар маңына 350 метрді құрайтын жол кедергісі қойылып, қажетті жол белгілермен қамтамасыз етілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қала мектептері маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ветеринарлық шараларға дайындық жұмыстары пысықталды

admin

Отырар: мәжіліс депутаты ауданға жұмыс сапарымен келді

admin

«+45 градус». Министр алдағы екі айға болжам жасады

admin