The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістандық өнім Латвияның нарығына шықты

Түркістан облысы, Сайрам ауданында өндірілетін «Altyn bala», «Oh,Diapers» жөргектері Латвия мемлекетінің нарығына сатылымға шықты.

«Capable group» отандық жөргек өндіретін компанияның құрылтайшысы Баянсұлу Оразалиева Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріповпен кездесіп, отандық өнім әлеуетін арттыру жайын талқылады. Елші қазақстандық өнімнің Европа нарығына шығуы мақтаныш екенін атап өтіп, нарықта өз орнын алуына қолдау білдіретінін жеткізді.

«Capable group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – елімізде балаларға арналған бір реттік жаялықтар өндіретін бірінші және жалғыз кәсіпорын. Қазіргі уақытта өндіріс орны 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бір ерекшелігі, жұмысшылардың 60 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды.

ТМД елдерінде өзіндік орны бар жөргек өндіруші компания еліміздің және шетелдің тұтынушыларына сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсынады. Өндіріс орнының өнімдері жапон технологиясымен, Еуропа стандарттарына сай өндіріледі және толық сертификатталған. Заманауи технологиялар минутына 1000-нан астам жөргек шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ зауыт толық автоматтандырылған. Одан бөлек, Siemens автоматтандыру жүйесі орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Кентауға ҚР парламенті мәжілісінің депутаты жұмыс сапарымен келді

admin

Шымкент: қала әкімі инфрақұрылым жүйесіндегі мәселелердің шешімін қарастырды

admin

Шымкентте Палацк университетінен шақырылған ғалымдармен тәжірибе алмасу басталды

admin