The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жетісуда есірткі зертханасы анықталды

 Жетісу облысы Ескелді ауданында полиция, прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың көзін жойды. Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі шетелдік өз «қамқоршысының» тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген.

«Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды. Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасуда, — делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

ТЖМ өндірістік тәуекелдерді азайтуға басымдық берді

admin

Түркістанда бокстан Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық жарыс Аақталды

admin

Шымкенттік сұр мерген Париж олимпиадасының алғашқы жолдамасына қол жеткізді

admin