The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

«Мектепке жол» акциясы Алматының 11 мыңнан астам баласын қамтыды

Алматыда балаларды жаңа оқу жылына дайындау кезінде отбасыларды қолдауға бағытталған республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Бүгінде әлеуметтік осал санаттарға жататын 7 669 бала көмек алды. Акцияға Алматы қаласының демеушілері мен меценаттары да қосылды. Болжам бойынша, қайырымдылық көмегі тағы 8 160 балаға көрсетіледі, олардың 3 968-і қолдауға ие болып үлгерді.

Бөлінген қаражат оқушыларға мектеп формасын, киім-кешек, мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарларын сатып алуға жұмсалды.

Отбасыларға балаларын оқу жылына дайындауды жеңілдету мақсатында қалада мектеп тауарларының 18 жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ата-аналар қажетті оқу құралдарын, киім-кешек пен мектепке арналған басқа да тауарларды сатып ала алады.

Әртүрлі себептермен білім беру процесінен тыс қалуы мүмкін балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Акция аясында оқудан жалтарып жүрген кәмелетке толмағандарды, балалар еңбегінің фактілерін және басқа да проблемалық жағдайларды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде.

Бүгінде Алматыда мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Оларға білім беру жүйесінің, қорғаншылық органдарының, полицияның, ҮЕҰ-лардың, ата-аналар қауымдастығының және БАҚ өкілдері қатысуда.

Еске салайық, мемлекеттік қолдау жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетіледі.

Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың білім алатын жеріндегі білім беру ұйымына жүгініп, тиісті құжаттарды ұсынуы қажет.

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Оның басты мақсаты – мұқтаж әрбір баланы қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету және оқу жылының басталуына тең мүмкіндік жасау.

Ұқсас жаңалықтар

«Шенеуніктер заң алдында жауап беруге тиіс». Депутат су тасқынына кінәлілер туралы айтты

admin

Алматыда суық су уақытша өшіріледі: толық тізім жарияланды

admin

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық ахуалы қандай?

admin