The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

100 жастағы кейуана немерелерімен бірге науқанға қатысты

№23 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап ауыл тұрғыны 100 жастағы кейуана Бейсенбаева Рысалды немере-шөберелерімен науқанға қатысты.

«Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси реформаға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым.
Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын. Халқымыз аман болсын! Мемлекетіміз жасай берсін. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!», — дейді кейуана.

Осы орайда елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін қазыналы әжеміз жасына қарамастан алғашқылардың қатарынан табылғаны үшін сайлау учаскесінің төрағасы Нұрғазы Түлекбаев естелік сый табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет: Бір ай бойы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты сақталды

admin

Дәрі-дәрмекке қатысты салық нормалары қайта қаралды

admin

Алматының тау бөктерінде 3 қабаттан биік тұрғын үй құрылысына тыйым салынды

admin