The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана күрделі жөндеуден өтуде

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №5 қалалық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 1984 жылы қолданысқа берілген емхананың алдағы уақытта инженерлік желілері түгел ауыстырылады. Сондай-ақ, сыртқы қасбеті жаңартылады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов шілде айының 1-інен басталған емхана құрылысы жұмыстарының жай-күйімен танысты. Төрт айға созылатын жөндеу жұмыстары бірінші кезекте сапа жағына мән берілу керек.

Амбулаториялық емханалық көмек көрсететін мекеме қазіргі уақытта 58 мыңнан астам тіркелуші тұрғынға медициналық қызмет ұсынып отыр. Сондай-ақ, мұнда 500-ден аса медицина персоналы қызмет етеді.

Қаламыздағы қырық жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шардара: полиция бөлімінің бастығы есеп берді

admin

Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыс өтті

admin

Қазақстанда бір күнде 2684 адамнан коронавирус анықталды

admin