The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Air Astana әуекомпаниясына неліктен айыппұл салынғаны белгілі болды

Комитет мәліметінше, жолаушылар арасында резонанс тудырған рейстердің кешігуіне байланыстыу 18 шілдеде комитет төрағасы Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясымен шұғыл жиналыс өткізді. Жиын барысында авиакомпанияға әуе кемелерін коммерциялық жоспарлаудағы кемшіліктері көрсетіліп, тұрақты рейстердің орындалмауына жол бермеу туралы айтылды.
Сонымен қатар әуе кемелерінің жедел ауыстырылмауы, рейстердің кешігуі кезінде авиакомпания қызметкерлері тарапынан жылдам түсіндірмелік жұмыстардың жүргізілмеуі сынды кемшіліктері көрсетілді. Жиналыс қорытындысы бойынша Air Astana әуекомпаниясы резервті қамтамасыз ету үшін тұрақты рейстер кешіктірілген кезде ғана пайдаланылатын арнайы жеке әуе кемесін бөлді. Қазақстандық ірі авиакомпаниялардың акционері ретінде “Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ әуе кемелерін алуды жоспарлау жөніндегі жұмысты күшейтуі қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар 21 шілдеде өзара іс-қимылды нығайту мақсатында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, «Эйр Астана» авиакомпаниясы, Алматы және Орал қалалары әуежайларының қатысуымен кеңестер берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Министрлік: Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды

admin

Түркістанда қауіпсіздік мәселелері талқыланды: төтенше жағдайлардың алдын алу басты назарда

admin

«ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ»: республикалық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті

admin