Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігін тексерді

Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді орта мәселесі бойынша сарапшы Богдан Джепка жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумға қатысты.

Оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқығын қорғаумен көп жылдан бері айналысып келе жатқан қоғам белсендісі әрі құқық қорғаушы ретінде референдумға қатысу ол үшін ерекше мәнге ие.

«Конституция — кез келген мемлекеттің іргетасы. Дәл осы құжат адам құқығы мен бостандығының жүйесін, мемлекеттік басқару қағидаттарын және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін айқындайды», — деді Богдан Джепка.

Ол әріптестерімен бірге Алматыдағы бірқатар референдум учаскесін аралап, олардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қаншалықты қолжетімді екенін тексергенін айтты.

Оның айтуынша, көптеген учаскеде пандустар, тактильді навигация, Брайль қарпімен дайындалған материалдар, үлкейткіш лупалар, сондай-ақ комиссия мүшелерінің көмегі қарастырылған. Бұл көру немесе есту қабілеті бұзылған азаматтарға дауыс беруге қатысуға мүмкіндік береді.

Богдан Джепка ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін дауыс беруге қатысу тек формалды құқық қана емес, нақты мүмкіндік болуы маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол учаскелерде тыныш әрі достық атмосфера қалыптасқанын, қала тұрғындары отбасымен бірге келіп, референдумға қатысып жатқанын жеткізді.

Оның пікірінше, азаматтардың референдумға қатысуы қоғамның ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді.