The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Алматыда мереке: «Көк-Төбе» телемұнарасы «Қайраттың» жеңісіне орай жарқырады

Алматыдағы «Көк-Төбе» телемұнарасы кешкісін футболдық символикамен жарқырап, УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Қайрат» клубының Шотландияның «Селтик» командасын тарихи жеңгенін паш етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Телемұнарадағы жарықпен безендірілген бейнежазба Алматы клубының Instagram-аккаунтында жарияланды. Мұнара экрандарында «Қайраттың» логотиптері мен Чемпиондар лигасының символикасы бейнеленді.

Еске салайық, алматылық клуб футболшылары тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. 28 тамызда «Қайрат» топтық кезеңдегі қарсыластарын біледі.

Жанкүйерлер үшін бұл оқиға нағыз мерекеге айналды: әлеуметтік желілер құттықтаулар мен алматылық клубқа деген мақтаныш сөздеріне толды.

Еске салсақ, «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Коалиция ел болашағы жөнінде ашық жалпыұлттық диалог өткізді

admin

Жас ғалымдарға берілетін гранттың қаржы көлемін арттыру керек — Тоқаев

admin

Түркістандық тағы бір оқушы шетелдің 45 жоғары оқу орнына шақырту алды

admin