The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Астана құтқарушылары тұрғындарға үндеу жасады

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

-Ғимараттан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

-балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

-Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберіске немесе дүкенге кіріңіз;

-үйдің қабырғасына қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырдан материалдар түсіп кетуі мүмкін;

-қатты жел кезінде электр желісінің асты, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

-көлікті ағаштан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу керек.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік оқушылар робототехникадан өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

admin

Түркістан облысында найзағай мен жоғары өрт қаупіне байланысты ескерту жасалды

admin

Шымкентте биыл жарты млрд теңгенің жалақысы өндірілді

admin