The Dala Times ақпараттық сайты
ҚоғамСпорт

Еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғаған жерлесіміз Абылайхан

Биылғы жылдың еншісіндегі ең тартысты додасы, Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында күрестен Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық елдері бойынша ең таңдаулы деген талантты балуандар бас қосқан бәсекеде Түркістан облысының балуаны Абылайхан Әмзеев күміс жүлдегер атанды. Еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғаған жерлесіміз Абылайхан 72 келі салмақта өнер көрсетіп, құрлық елдері бойынша өзінің шеберлігін көрсетті.

Күрестің білікті маманы, бапкері Ерлан Ағайдаровтың да бұл жеңіске қосқан үлесі мол. Күні кеше білікті басшы Түркістан облысының жоғары спорт шеберлер мектебінің директоры Нұрмахан Мелдеханов Азия чемпионатында күміс жүлде алған талантты балуан А.Әмзеев пен бапкері Е.Ағайдаровты қабылдап, оларға құрмет көрсетті. Мектеп директоры Н.Мелдеханов түркістандық жеңімпаз спортшыға алдағы кезде де мемлекетіміздің мерейін үстем ету жолда тек жақсылықтар тіледі. Жиында мамандар Түркістан облысының дарынды саңлақтарының халықаралық жарыстарға дайындықтары пысықталды. Болашағы жарқын балуан Абылайған Әмзеев — Түркістан облысының жоғары спорт шеберлер мектебінің шәкірті.

Ұқсас жаңалықтар

Суд принял решение в пользу жителей жилого массива Промышленного, которые были вынуждены соседствовать с опасным производством

admin

Шұғыл: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

admin

Жыл басынан бері “Ашық WI-FI” желісіне 29 мыңға жуық азамат қосылған

admin