The Dala Times ақпараттық сайты
ҚоғамСпорт

Қазақ күресінен Қазақстан кубогі сарапқа салынды

Қостанай қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогі аяқталды. Еліміз бойынша ең талантты деген балуандар қатысқан бұл бәсекеде Түркістан облысының саңлақтары командалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. Ал, жекелей сында жерлестеріміз 1 алтын, 3 қола медаль иеленді.

«Түйе палуан» атанған түркістандық дарынды балуан Қайсар Шәмшидинов бас жүлдеге ие болды. Қайсар балуан талай әлемдік додаларда тәуелсіз еліміздің намысын қорғап келе жатыр. Биылғы Түркістан облысының балуандары арасында өткен іріктеу сайысында Қайсар Шамшидинов та өзінің мықтылығын көрсетіп, жүлдеге ие болды.

Болашағынан мол үміт күттіргендер арасында 90 келі салмақта сынға түскен Айдарбек Тоқтарбек қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, талантымен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Әбдіғани Бибарс та қола жүлде еншіледі. Ауыр салмақта өнер көрсететін 100 келідегі дарынды балуан Қайсар Шамшидинов те қола жүлдені иеленді. Қазақ күресінен өткен Қазақстан Кубогінде апайтөс жауырынды талантты балуандар қатысып, бақтарын сынады. Түркістан облысының дарынды балуандары өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, туған елге олжалы оралды.

Ұқсас жаңалықтар

Құтқарушылардың қамқорлығы мен өнегесі: Сауранда балаларға қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылды

admin

Нокаутом закончился второй бой внука Мохаммеда Али на профи-ринге

admin

Мұғалімдер мен дәрігерлер неше жерде жұмыс істей алады?

admin