The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді, оның 48 пайызы — әйелдер

2024 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны — 9 167,3 мың адам. Оның 51,9% ерлер болса, 48,1% — әйелдер.

Жас санаттары бойынша жұмысшылардың ең көбі 35-44 жас тобына тиесілі — 2,5 млн астам адам.

Одан кейін 29-34 жас аралығындағы қызметкерлер, олардың саны 1,8 млн асады.

Қызметкерлердің жалпы санының 44%-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тағы 50%-ның техникалық немесе кәсіптік білімі бар.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 76,2% жалдамалы жұмысшы болса, 23,8% — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жалдамалы жұмысшылардың ең көбі Алматы қаласында байқалды, олардың саны 954,3 мыңға жетеді.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында өңірлер бөлінісіндегі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 374,5 мың адам (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 17,1%).

Сонымен қатар 51,6 мың адам қашықтан жұмыс істейді.

452,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. 

Жұмыспен қамту деңгейі — 95,3 пайыз. 

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімінің қабылдауында болған екі отбасы баспаналы болды

admin

Жетісай ауданындағы өрт сөндіру бөлімдерінің дайындығы жоспарлы тексерістен өтті

admin

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 16 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда

admin