The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Қазақстанда Қазақ тілінің ұлттық корпусы жасақталады

 Ашық НҚА порталында «Қазақ тілінің Ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы жарияланды.

Қағида қазақ тілі мен лингвистика саласындағы ғылыми, білім беру және практикалық зерттеулер жүргізуге негіз болатын Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру, толықтыру, өңдеу, сақтау және пайдалануға қойылатын жалпы талаптар мен рәсімдерді белгілейді.

Корпус тілдегі өзгерістер мен әртүрлі салалардағы өзекті жетістіктерді көрсететін жаңа материалдардың енгізілуі арқылы үздіксіз жаңартылады, сонымен бірге тілдегі өзгерістердің, жаңа тенденциялардың, сондай-ақ жаңа жанрлардың, стильдер мен бағыттардың пайда болуы есебінен кеңейеді, бұл оның өзектілігі мен тілдік инновацияларға сәйкестігіне кепілдік береді. Корпус жалпыға қолжетімді болады және лексикографиялық және грамматикалық жобаларды, ғылыми және білім беру материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді жасауға негіз болады, – делінген бұйрық жобасының баспасөз релизінде.

Еске салайық, Қазақ тілінің ұлттық корпусы – қазақ тілінің лексика-грамматикалық жүйесін толық қамтыған (терең аннотацияланған) миллиондаған сөзқолданыстан тұратын электронды пішіндегі көлемді мәтіндер жинағы, қазақ тілі жайлы барлық мәліметті жинақтаушы «ақылды», мамандандырылған білім қоры. Жалпы сөзқолданыс саны – 65 миллион. Қазақ тілінің ұлттық корпусы қазіргі кезде белгілі бір мақсатта арнайы әзірленген 16 ішкорпустан тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 3,5 млн. тонна бақша өнімдері жиналды

admin

Таразда көпқабатты үйлерде өртке қарсы оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр

admin

Алматының 2040 жылға дейінгі дамуының жаңа бағыты айқындалды

admin