The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

«Қазақтелеком» интернет тарифтерін 20%-ға көтерген: тергеу жүріп жатыр

 Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство сымды интернет қызметтерінің бағасына талдау жасап, оператордың әрекетінен монополиялық жоғары баға қою белгілерін анықтаған.

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылы 100, 200 және 500 Мбит/сек жылдамдықтағы интернет тарифтері шамамен 20%-ға қымбаттаған. Осыған байланысты компанияға қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу дерегі бойынша тергеу басталды.

Сонымен бірге ұялы байланыс нарығында да бағаны негізсіз көтеру белгілері тіркелген. Қазір агенттік ұялы байланыс операторына қатысты да тергеу жүргізу мәселесін қарастырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Елдегі теміржол инфрақұрылымының тозуы. Жаңа вагондар мәселені шеше ме?

admin

Түркістандағы автосалонда өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

admin

Ресейдегі бензин дағдарысы Қазақстанға әсер ете ме?

admin