The Dala Times ақпараттық сайты
ӘлемБасты жаңалықҚоғам

Өзбекстан азық-түліктің 40%-ға жуығын Қазақстаннан алады

 2022 жылдың алғашқы жартысында Өзбекстан шетелден сатып алған азық-түлік тауарларының 37,9 пайызы Қазақстаннан келген. «Бұл жөнінде Өзбекстаның мемлекеттік статистика комитеті хабарлы» деп жазады Азаттықтың Өзбек редакциясы.  Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне қарағанда Өзбекстан ішкі тұтыныста пайдаланатын астықтың 35% пайызын сырттан импорттайды. Оның негізгі бөлігі Қазақстаннан келеді.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты астық тапшылығы пайда болғандықтан астық пен ұн экспортын 15 сәуірден бастап үш айға шектеу қойған. Қазақстан мұндай шешім қабылдағанда Өзбекстан шетелден, соның ішінде Қазақстаннан 600 мың тонна астық сатып алатыны туралы шешім қабылдаған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутаты Сауран ауданына іссапармен келді

admin

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «жұмысшы мамандықтар жылына» орай ашық есік күні өтті

admin

ТҮРКІСТАН: Арыс қаласында австралиялық әдіс бойынша 50 мың басқа арналған ірі қараны бордақылау алаңы іске қосылады

admin