The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

Тарақан қаптап кетті: Павлодарда салақ тұрғынды полиция тәртіпке салды

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйдің тұрғындарынан Алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдан бастап үй тұрғындары өз үйін қоқысқа айналдырған пәтер иесімен мәселені шеше алмаған деп жазады Рavlodarnews.kz.

Бұл подъезде тазалық болмағандықтан, тарақандар пайда бола бастады. Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары — полиция капитаны Бауыржан Досымжанов пен полиция лейтенанты Бауыржан Уәлихазинов осы пәтердің тұрғынымен әңгімелесіп, мәселені шешуге көмектесті, — деп жазады үй тұрғындары.

Учаскелік полиция инспекторларының араласуымен пәтерден барлық қоқыс шығарылған.

Ұқсас жаңалықтар

Алдын ала төлем жасағандар ақшасын қалай қайтарып ала алады? Депутат түсіндірді

admin

Алаяққа сенген Түркістан облысының тұрғыны 1 млн теңгесінен айырылды

admin

2026 жылы Алматы бюджетінің кірісі 2,5 трлн теңгеге дейін өседі — Дархан Сатыбалды

admin