The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Телефондағы имам: ҚМДБ «Imam AI» қосымшасын іске қосады

ҚМДБ жасанды интеллект негізінде істейтін «Imam AI» мобильді қосымшасын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мүфтияттың мәліметінше, жасанды интеллект негізіндегі «IMAM AI» мобильді қосымшасы дін қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады. Осы орайда, жасанды интеллекттің көмегімен діни сұрақтарға жауап беретін арнайы мобильді қосымшаны әзірлеу қажет. Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз, — деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан экология және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

admin

Мемлекет басшысы екі маңызды заңға қол қойды

admin

ТҮРКІСТАН: залалсыздандыру қызметін көрсететін мекемелер лицензия алуы міндетті

admin