The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғамСпорт

Түркістан облысының спортшылары 40 медальмен топ жарды

 Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда есу спортынан жастар және ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Дүбірлі сынға 12 өңірден 130-ға жуық спортшы қатысты. Спортшылар 1000, 500, 200 және 5000 метр қашықтықта сынға түсті. Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионатында Түркістан облысының спортшылары командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Су спорты түрлерінен Түркістан облысының ОРМБЖСМ спортшылары алғашқы күннен чемпионаттың басты фавориттері болды. Жерлестеріміз әр түрлі бағдарламаларда 19 алтын, 12 күміс және 9 қола жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарға тоқталсақ, Н.Сергеева К-1; 1000 м, К-1; 500 м, К-1; 200 м, К-1; 5000 м қашықтықтары бойынша 4 алтын медальді олжалады. Сонымен қатар К.Семеникинамен жұптасып ескек есуде де топ жарды. Чемпионатта Б.Раматулла, В.Панкратов, К.Семеникина, Е.Тютюкина, Т.Әлиханов, Д.Бахрадин, Д.Корыткина, Д.Эргашханова да алтыннан алқа тақты. Командалық екінші орын Шымкент спортшыларына бұйырса, үштікті елордалықтар қорытындылады.
Түркістан облысының үздік ескек есушілері О.Ковалева, Е.Кеңесов, С.Сергеев, Е.Синявская сынды бапкерлердің басшылығымен Азия Кубогына дайындықты бастап кетті. Бұл жарыс 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Жапонияда өтеді.

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Отырар: шаруалар заманауи технологияның тиімділігін көруде

admin

Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімі өзгеріссіз қалды

admin

ТҮРКІСТАН: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Сауранда жаңа мектеп салынып жатыр

admin