The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Түркістанда тарихи көрменің ашылуы өтті

Түркістан облыстық Ұлы Дала Елі орталығында «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрмені ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Көрмеде көпшілік назарына 2012 жылы Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңынан табылған «Алтын әйел» тарихи жәдігері қойылды. Тақсай кешенінен табылған жәдігердің зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығында жасалған. Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасы мамандары ғалымдармен бірлесе отырып қайта қалпына келтірген. Зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірі ежелгі сармат кезеңіне тиесілі. Олай деуге әйелдің жерлену тәсілі мен сары металдан жасалған бұйымдар негіз болады.

Дереккөз: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы мен әйелдерді қолдау: Астанада комиссияның қорытынды отырысы өтті

admin

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

Шымкент: сарбаздардың алғашқы оқ атуына сарбаздар аналары комитетінің өкілі қатысты

admin