The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ЖЫЛ САЙЫН МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА СЫЙЛАУДЫ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРҒАН

 

Түркістанда «Бекзат» тұрғын алабының тұрғындары тағы бір отбасының баспаналы болуына себепкер болды. 1984 жылы туған азаматтар мұқтаж жанұяның қуанышын еселей түсті. Бұған дейін 1982 және 1983 жылы туған азаматтар 20 жылдық түлектер кездесу кешінде 2 мұқтаж жанұяға баспана кілтін сыйлаған. Түркістандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша елге тағзым жасауда жастарға осылайша үлгі көрсетіп келеді.
«Бекзат Саттархановтың есімі берілген мөлтек аудан тұрғындары көпке үлгі. Жастардың да ұлтжандылығы көңілімізге медеу болып жүр. Осымен Ер Бекзаттың інілері аз қамтылған отбасыларға қажетті тұрмыстық-техникалармен жабдықталған 7-баспананы табыстады. Ұйымшылдық танытып, қайырымдылық іске үлес қосқан замандастарыма алғыс білдіремін.
Эстафета 1985 жылы туған інілерімізге, келесі 20 жылдық түлектеріне жолданады»,- деді Бексұлтан Тілеубеков.
Игі іске қолдау білдірген 1988, 89, 90, 91 жылғы азаматтар да бұған дейін 4 мұқтаж отбасыға өз қолдарымен баспана тұрғызып берген. Әз-Наурыз қарсаңындағы дәстүрлі шараны келер жылы 1992 жылы туған азаматтар жалғастырмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қарақат Әбден: «Сәлем салу – ұят емес»

admin

Бішкек пен Алматыда «ұрланған гаджеттерді сатумен айналысқан» қылмыстық топ ұсталды

admin

Грузияда қаза болған Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс

admin