The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСаясат

15 млрд доллардан астам инвестиция: Президенттің Бейжің сапарынан не күтеміз?

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге сапары аясында Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысады. Кездесулер қорытындысы бойынша 70-тен астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Бұл келісімдер Қазақстан экономикасына жалпы сомасы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Қазақстан мен Қытайдың 100-ден аса компаниясы арасында жасалатын келісімшарттар энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика сияқты негізгі секторларды қамтиды.

Инвестиция елімізге салынатын қаржы көлемін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, — деп атап өтті Руслан Желдібай.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар ірі компаниялары басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді. Қазақстан делегациясының құрамына отандық бизнес өкілдері де кірді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенімізді көрсетеді

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында 150 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

admin

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда қайтарымсыз грант иегері оқушыларға қосымша білім беру орталығын ашты

admin

Қазақ тілі үшін үлкен тілдік модель жасалады

admin