The Dala Times ақпараттық сайты
Саясат

Сарыағаштағы мәдениет және білім қызметкерлері референдумды қолдайды

Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов пен Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова Ақниет елді мекенінің мәдениет үйінде білім мен мәдениет саласының қызметкерлерімен, мектеп басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екені түсіндірілді. Кездесуде Құркелес ауылдық округі әкімі Қ.Иматов, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Ә.Керімбекова еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер туралы айтып өтті. Кездесу соңында кездесуге қатысушылар референдумды қолдайтындарын, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.

Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Осы ретте аудан тұрғындарын өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырамыз.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста байқау орталығы референдум бойынша семинар-кеңес өткізді

admin

Қазақстан мен Франция туризм саласында ынтымақтастықты нығайтпақ

admin

Табиғат тыныштығын күзеткен мамандар: Кентаулық құтқарушылар демалушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

admin