The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСаясат

Түркістанда аз пайызбен несиелендіру 2 есеге артты

  Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер. Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр.Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: арнайы жұмысшы топ балық шаруашылығын дамыту бойынша түсіндіру жұмыстарын бастады

admin

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

admin

Жалақы және жұмыс: Депутат әйелдерге ұнайтын ұсыныс жасады

admin