The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықШоу-бизнес

Әнші Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығатынын айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құруға ниетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырман сауалдарына жауап беріп, сәукеле киіп ұзатылатынын жеткізді.

«Тұрмысқа шығамын. Әуелі жақсы адамым жолықсын. Сосын сәукелемді киіп, ұзатыламын, бұйырса»,- деп әнші оқырмандары қойған сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, әнші 2015 жылы Арыстан атты кәсіпкерге тұрмысқа шыққан. Бірақ екі жас бір жарым жылдан соң ажырасқан. 2020 жылы ол екінші рет тұрмысқа шықты. Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесі жеке парақшасында хабарлаған еді. Алайда екінші күйеуінің де отбасына қиянат жасағанын айтып, 2021 жылы ажырасып кеткенін жария етті. Сол жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Бүгінде әнші бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының білікті дәрігерлері бір жылда 15 мыңға жуық ота жасады

admin

ТҮРКІСТАН: денсаулық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

admin

Слесарь болу ұят емес – адал еңбектің шынайы бейнесі

admin