The Dala Times ақпараттық сайты
Шоу-бизнес

Кішкентай Мақпал Жүнісова ғаламторда хит боп жатыр (видео)

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 6 жасар тұрғыны Еркеназ Ерғазы әлеуметтік желі қолданушыларын тағы бір әнімен қуантты. Бұл жолы ол “Аягөз қайда барасың” әнін орындаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Танымал әнші Мәлік Жамбылұлының «Аягөз қайда барасың» әнін ерекше орындаған кішкентай қыздың видеосы Facebook желісінде пайда болды. 6 жастағы Еркеназ Ерғазы бұған дейін отандық ток-шоуларда ән айтып, қалың көпшілікке танылған. Әсіресе оның Мақпал Жүнісованың репертуарындағы «Өмір неткен тамаша» әнін орындағаны көрермендердің көңілінен шықты. Талантты балақайдың ән айту стиліне қарап желі қоланушылары оны Мақпал Жүнісованың кішкентай көшірмесі деп атап кетті. Еркеназдың өнеріне тәнті болғандар оған сәттілік тілеп, түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Yenlik тележүргізуші Динара Сәтжанға не себепті өкпелі

admin

Толқын Забирова алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялады

admin

Жазира Байырбекова мінген көлікке біреулер оқ атқан

admin