The Dala Times ақпараттық сайты
ДенсаулықСпорт

Қазығұртта 2 спорт кешенінің ашылуы өтті

ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында 2 жабық кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Алаңды ауыл азаматы, кәсіпкер Тұяқбаев Бақберген өз қаржысына салып берді. Жасанды алаң мен жабық ғимарат кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Футбол алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Айдарұлы, ауыл азаматтары, спорт сүйер қауым қатысты.

Өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер осы спорт кешеннен табылатынына сенімдімін, – деді аудан әкімі.
Ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа 10 команда қатысты. Ойын тартысты өтіп, жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға демеушілер тарапынан арнайы мақтау қағаздары мен дипломдар тапсырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

А гепатиті өршуі мүмкін: Санитарлық дәрігер мәлімдеме жасады

admin

Три человека сгорели заживо, двое скончались в больнице при ДТП в Алматинской области

admin

Алматыда Африкадан келген әйелден безгек анықталды

admin