The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды

 Молдовалық маман Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді. Қазірге дейін бапкер сол елдің «Петрокуб» командасында тізгінін ұстады. 2023/2024 жылғы маусымда аталған ұжыммен Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алды. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Молдовалық маман 1974 жылдың 27 маусымында дүниеге келді. Футболшылық мансабында қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен. 2008 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. Екі жыл бұрын «Петрокуб» клубының тізгінін ұстады.

Ұқсас жаңалықтар

«Автонұр» базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды

admin

Қазақстан мұнайының 80%-ы КҚК арқылы тасымалданады

admin

Тұрғын үй: мемлекеттік қызметтер мен мәліметтер ашық жарияланады

admin