The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Португалиялық футболшы қазақстандық клубта ойнайтын болады

Бұған дейін португалиялық “Эсперанса де Лагос”, “Вилаверденсе” және румыниялық “Политехника” клубтарында өнер көрсеткен. Астананың “Жеңіс” футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Гонсалу Филипе Кармумен келісімшарт жасасты.

25 жастағы Карму Португалияның “Лоулетану” клубының тәрбиеленушісі. Ол оң және сол қанатта, сондай-ақ вингер позициясында ойнай алады. Бұған дейін португалиялық “Эсперанса де Лагос”, “Вилаверденсе” және румыниялық “Политехника” клубтарында өнер көрсеткен.

“Жеңіс” клубы жақында тағы бір легионермен келісімшарт жасасты – Солтүстік Македониялық шабуылшы Эрдон Даци.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: сенат депутаттары жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданында болды

admin

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің капитаны мен ұшқыш кім?

admin

Олимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығатыны белгілі болды

admin