The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Сарыағаштық бұрымды елорда төрінде атой салды

Астана қаласы “Ұлытау” спорт комплексінде 2006-2007, 2008- 2009 жылы туған жастар мен жасөспірім қыздар арасында бокстан ҚР чемпионаты өтті. Сарыағаштық боксшы аруларымыз рингте озық ойын үлгісін көрсетіп Түркістан облысының қоржынын майлап үлгерді. Байрақты бәсекеде Сарыағаш ауданынан 8-ге тарта жас боксшы қатысты. Нәтижесінде, 52 келі салмақ дәрежесінде қызылжарлық Бағжан Отынбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп бокстан ҚР чемпионы атанды. 

«Менің боксқа деген қызығушылығым Олимпиада шыңын бағындырған ең жас боксшы Бекзат Саттарханов ағамыздың атына арнап түсірілген киносын көргеннен соң пайда болды.Сол сəттен  олимпиаданы бағындыруды мақсат тұттым. Арман мақсатқа, ал мақсат жеңіске жетелейтінін түсініп, 16 жасымда былғары қолғап киіп, боксқа қадам бастым. Бапкерім Болат Беласаровтың қолдауымен биікті бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінуіме қолдау көрсетуде.  Спортқа деген құлшыныс,  табанды еңбектің арқасында Қазақстан Республикасының чемпионы атандым» — дейді Бағжан Отынбай

Одан бөлек, 63 келі салмақта Аружан Жаңабай, 75 келі салмақта Шұғыла Нәлібайларда алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар, 50 келі салмақ дәрежесінде облыстың намысын қорғаған сарыағаштық Асем Мұрат үштікті түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібастағы жазғы лагерьлерде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

admin

Жетісай: бөлімге жаңа басшы тағайындалды

admin

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

admin