The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықСпорт

Шымкенттік спортшы ұлттық құрамаға алтын сыйлады

Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрамаға алтын сыйлады. Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады.

Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «ауыл аманаты» жобасы нәтижелі жүзеге асырылуда

admin

ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында кәсіпкерлік бастама арқылы 39 азамат жаңа жұмыс орнымен қамтылады

admin

2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?

admin