The Dala Times ақпараттық сайты
Спорт

Түркістан: Сауран қалашығында ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді

Түркістан облысында «Салем саған Түркістан!» атты ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

7 қараша күні, сағат 11:00-де басталады. 7 қараша күні Түркістан облысының, Сауран ауданындағы ескі Сауран қалашығында «Салем саған Түркістан!» атты ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді. Осы іс-шара аясында ұлттық спорт түрлерінен Сауран, Отырар аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларының спортшылары күш сынасады. Қазақтың ұлттық спорт түрлері көкпар, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату және ләңгі тебуден үздіктер анықталады. Сонымен бірге құсбегілер байқауы мен тазылар байқауынан да сайыс өтеді. Бұл аламан доданы Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасы мен Сауран, Отырар аудандарының əкімдіктері ұйымдастырып отыр. Жарыс Сауран қалашығында 7 қараша күні, сағат 11:00-де басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық журналистер ел чемпионы атанды

admin

«Кайрат» победил и лишил «Астану» лидерства за тур до конца КПЛ-2021

admin

Түркістан облысының 11 спортшысы париж олимпиадасының жолдамасы үшін бақ сынайды

admin