The Dala Times ақпараттық сайты
Технология

Қазақстанда 5G интернеті нақты қашан іске қосылатыны белгілі болды

Министр бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанда 5G интернетін тестілеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды  ainews.kz

Министр бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанда 5G интернетін тестілеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.  Оның айтуынша, елордадағы ЭКСПО ауданында аталған интернет желісін іске қосу жұмысы сынақтан өтуде. «5G интернетін тарататын бірнеше құрал бар. Оларды сынақтан өткізіп жатырмыз. Оның жылдамдығын кеше speedtest арқылы тексердік. Ол 1 Гибабит болды. Бұл жұмыс пилот жобасы аясында жүргізілуде. Біріншіден, 5G интернетіне көшудің нәтижесінде 100 мегабит жылдамдықты ұсынамыз деген үміттемін. Екіншіден, 5G радиожиілікті енгізуді талап етеді», — деді Бағдат Мусин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Осыған байланысты министр 2022 жылы радиожиілікті алу бойынша аукцион өткізілетінін атап өтті. «Кейін олар тиісті құрылдарды орнатады. 2022-2023 жылдары біз Қазақстанның әр қаласында мобильді операторлардың көмегімен құралдарды орнатуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін барлық облыс орталығында 5G технологиясы бойынша байланыс беріледі», — деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы атом саласының ғылыми-техникалық базасы жаңғыруда

admin

Шымкентте 5G технологиясымен 60 базалық станция орнатылды

admin

Шымкент: «ASIA TRAFO» трансформаторлық жабдықтар зауытының экспорт көлемі артты

admin