The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Келестік тұрғын егін шаруашылығына қолайлы құрал ойлап тапты

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Жолбасшы елді мекенінің тұрғыны Нұрсұлтан Елемес 10 адамның жұмысын атқаруға қауқарлы қолмен тұқым егу құрылғысын ойлап тапты. Диқандардың уақыты мен шығынын үнемдейтін құрылғыны осыдан 5 жыл бұрын жасап шығып, қажетке жарата бастаған. Жобасы нәтиже көрсеткен соң жан-жақтан сұраныс түсе бастапты.
– Бұл құрылғы негізінен қырыққабат ұрығын жылыжайға егуге арналған. Ауданымыздың көпшілігі ерте көктемнен қырыққабат егуді әдетке айналдырған. Бұл жұмыстарға сұраныс қараша, желтоқсан айларында көбейеді. Құрылғымыз өте ыңғайлы. Бір дәннен артық жібермейді. Құрылғымыздың 4 түрі бар, ауқымына қарай тапсырыс қабылдай береміз, –дейді жобаны дамытушы Ырысдәулет Тәңірбергенов.
Бүгінгі таңда егін шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жұмысын жеңілдетуге арналған құрылғыға Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарынан сұраныс түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Оқу-әдістемелік жиын: тәжірибе алмасу және жеке құрамды тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін игеру

admin

Жапониялық компания Қазақстан мұнайын тасымалдауы мүмкін

admin

Бостандық ауданындағы 67 үйдің қасбеті қалалық бағдарлама аясында жөнделеді

admin