The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалықҚоғамСаясат

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Алматыда «Медеу» биік таулы мұз айдынының алаңында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Халық Кеңесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Салтанатты рәсімге барлығы 1 500-ден астам адам жиналды.

Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен жалғасты. Ту тұғырының биіктігі – 40 метр, ал тудың өлшемі – 7х14 метр.

Республика күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандардың қатарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосқан алматылықтар бар.

Сонымен қатар Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында көпір пайдалануға берілді

admin

Таиландта қазақстандық туристер болған қайық өртеніп кетті

admin