The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалықҚоғамСаясат

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Республика сарайында Республика күніне орай танымал қазақстандық өнерпаздар, шығармашылық ұжымдар мен өнер майталмандары бас қосқан салтанатты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік кештің концерттік бағдарламасы музыка, хореография, поэзия мен заманауи сахналық қойылымдарды тоғыстырып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Сахна төрінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Рамазан Стамғазиев, Тамара Асар, Дастан Оразбеков, Медеу Арынбаев, Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербековтің дуэті, Берқұт пен Айша, «МузАрт лайф» тобы және басқа да танымал өнерпаздар туған жерге, елге және Алматы қаласына арналған әндерін шырқады.

Концерттік бағдарламада Отанға деген құрмет, ел бірлігі мен ынтымағы, тәуелсіздіктің қадірі және ұлттық құндылықтар тақырыптары кеңінен көрініс тапты. Әсерлі музыкалық нөмірлер мен сахналық қойылымдар көрермендердің патриоттық сезімін оятып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұлттық мереке – Республика күні құтты болсын!

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

admin

Биыл Шымкентте 608 адамды кене шағып, дәрігерге жүгінген

admin

ШЫМКЕНТ: Батыс шағын ауданында су құбырын тарту жұмыстарының 80 пайызы аяқталды

admin