The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалықҚоғамСаясат

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңа сквер ашылды

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданындағы Ақын Сара көшесінде тұрғындардың серуендеп, тынығуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді.

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама қала тұрғындарына шағынаудандарын көркейту бойынша бастамасын ұсынуға мүмкіндік береді.

Сквер аумағында жүргінші жолы салынып, демалуға арналған орындықтар мен жарық шамдары орнатылды, сондай-ақ көгал төселді.

Енді шағынаудан тұрғындары серуендеп, отбасымен уақыт өткізіп, таза ауада тынығуға болатын тағы бір көрікті орынға ие болды.

Еске салайық, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.

Тұрғындар аула мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруге бағытталған жобасын ұсынып, ауданының дамуына үлес қоса алады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласының инфрақұрылымы жақсарып келеді

admin

Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

admin

Түлкібаста дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионына құрмет көрсетілді

admin