The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек ауданында 70 шақырымнан аса ескі жол жаңартылды

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар 71,4 шақырымдық 3 бағыттағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда Мәдениет-Мыңбұлақ елдімекендерінің арасы, Жамбыл-Шаян және Шалдар-Сарқырама-Кеңсай-Бірлік автомобиль жолдары жөндеуден өтіп, толық пайдалануға берілді.
Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз асфальт жабындысы алынып, жол негізі құмды шағал-тас қоспасымен нығайтылған. Сондай-ақ, 2 қабат асфальт жабындысы төселіп, қалдықтар жол жиегін нығайту үшін кәдеге жаратылды.
Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауда болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 465 елдімекен табиғи газбен қамтылған

admin

ШЫМКЕНТ: «Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарын нығайту жобасы аясында кездесу өтті

admin

ТҮРКІСТАН: жол сапасы қатаң бақылауда

admin