The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: тұрғындардың өтініші назарға алынды

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың өтінішімен   қаладағы Алтынсарин 11 үйдің тұрғындарымен кездесті.

Онда тұрғын үйдің қәзіргі жағдайы бойынша мәселе көтерілді. Көпқабатты тұрғын үй сейсмикалық күшейтуді қажет етеді.

Бүгінгі таңда, жертөледен жағымсыз иіс шығып тұрғындарға мазасыздық туындауда. Тұрғын үй алдының баспалдақтары жарамсыз күйге түсіп, әсіресе егде жастағы тұрғындардың жүріп тұруына қолайсыздық болуда.

Кездесуде қала басшысы аталған мәселелерді назарға алып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Бүгінгі таңда, Ы.Алтынсарин 11 үйге модернизация жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп тапсырылды. Сараптама қорытындысы күтілуде.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі хиджабқа қатысты сұраққа нақты жауап берді

admin

Шымкентте әкімдік қызметкері 700 млн. бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

admin

«Мектеп директоры күйеуін өлтірді»

admin