The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Шардараның жігіттері абыройды аспандатты

Түркия елінің Ыстамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті. East vs West турниріне Түркістан өңірінің спортшылары да қатысты.

Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.

Ал жарыстың ең басты сайысы Қыдырғали Онғарбаев мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Аса тартысты жекпе-жекте жерлесіміз қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты.

Қыдырғали – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Шардараның қыраны бұған дейін әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Енді мемлекеттік тілді, тарихты білмегендерге азаматтық берілмейді

admin

ШЫМКЕНТ: «Алтын дән» ЖШС мемлекеттік бағдарлама арқылы айналым қаражатын жақсартты

admin

Шымкенттен XIX азия ойындарына 64 спортшы қатысады

admin