Арыс: жер қойнауын пайдаланушыларға талаптар түсіндірілді
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың өкімімен құрылған жұмысшы топ, қала аумағындағы жер қойнауын пайдаланып жатқан компанияларға жер қойнауын заңсыз пайдалану мен тасымалдау кезінде жолдар мен қоршаған ортаның ластануын алдын алуға бағытталған жазбаша және түсіндірмелік кездесу өткізілді.
Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімі мамандары карьер басшыларына, ауыр жүк көлік иелеріне қала аумағындағы автомобиль жолдарының бұзылуына жол бермеу үшін карьерлерден шығатын кіре беріс аумағына арнайы таразы қою, құмның шашылуын болдырмау мақсатында ауыр жүк көліктерінің үстін арнайы тентпен жабу, тасымалдаушы ауыр жүк көлік иелеріне құжаттарының міндетті түрде берілуі және кен орындарында кассалық төлемдер орнату секілді талаптар түсіндірілді.
Сондай-ақ, жұмысшы топ қала аумағындағы өндірістік кәсіпорындардың жұмыстарын бақылауға алып, алдағы уақыттада мониторинг жұмыстарының жалғасатындығын жеткізді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі