The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыс: әкім орынбасарының жеке қабылдауы өтті

Бүгін Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев азаматтарды жеке өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Әкімдікте ұйымдастырылған шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлмаханбет Әділбеков пен Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Бас маманы Қонақбай Ережепов те қатысты.

Қабылдауда болған тұрғындардың негізгі өтініштері тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, сондай-ақ мектеп формасына қатысты мәселелер аясында болды.

Әкім орынбасары әр тұрғынның сауалына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасай отырып, оны шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін назарда  ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

admin

Жамбыл: облыс әкімі этнос өкілдерімен кездесті

admin

Мұнайдан тыс өсім: Қазақстан экономикасы 2025 жылды қалай аяқтады?

admin