The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бір жерден екі өнім алу жобасы аясында

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданы табиғатының қолайлығына орай, бір жерден екі өнім алу жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні диқандар аталған жоба аясында екінші өнімді жинауға кірісті. Атап айтар болсақ, «Ризмат» шаруа қожалығы ерте көктемде еккен сарымсақты жиып алып, оның орнына отырғызған қияр, қызанақ, картоп, сәбізі бүгінде пісіп, жинап алуға дайын.

Қожалық төрағасы Досматова Тажибуви Юнусматовна 1 га жерге көкөніс егіп, 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Жалпы ауданда бұдан бөлек ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бау-бақша алқабы жыл өткен сайын артып келеді. Бауда алма пісіп, жүзім самсап тұр. Бұған қоса, ауданда тамшылатып суғару, жаңбырлатып суғару технологияларына басымдық беріліп, шаруалар суды үнемдеуге көшті. Осы арқылы су үнемделіп, өнімділік еселеп артуына мүмкіндік берілуде.

Жалпы, ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2022 жылдың 6 айында 16 млрд 331 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,8 пайыз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық шаруалар мемлекеттік қолдаумен техникаларын жаңартып жатыр

admin

60-летнего пешехода сбили насмерть в Нур-Султане: водителя арестовали

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбек тәжірибесі жоқ жастарға жаңа бағдарлама іске қосылды

admin