The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: «Шәмші Қалдаяқовтың ізімен» жаңа туристік маршрут ашылмақ

Түркістан облысының туризм басқармасы тарапынан еліміздің белгілі композитор – Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған авторлық туристік маршрут дайындалып жатыр.

Отырар ауданында «Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен Шәмші Қалдаяқовқа арналған мұражай орналасқан. Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған.

Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп, оның өмірі мен шығармашылығынан жарияланбаған фактілерді ашатын авторлық жобаларды дайындау үстінде. Жақын арада Түркістанда Шәмші Қалдаяқовқа арналған онкүндік аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға электромобильді көлік әкелудің құны қанша?

admin

Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру

admin

288 млн теңге тұратын құбыр ұрланған

admin