The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы ауданында ізгілік шарасы өтті

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің» демекші, қазақ халқының ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық жасау екені анық. Биыл балалар жылы аясында өткізіліп жатқан республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Бадам ауылында жалғасын тапты. Бадам ауылының кәсіпорындары, қоғамдастық мүшелері мен ауыл азаматтарының демеушілігі аясында өткен шараға әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралы мен киім-кешектері үйлестірілді.

Жалпы 22 тамыз күні аудан орталығында өткен «Мектепке жол» республикалық жәрмеңкесінде демеушілер тарапынан 51 бала киінсе, бүгінгі ұйымдастырылған шарада 49 бала мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтылды. Игі бастама акциясы аясында «100 баланың жүздеріне қуаныш сыйлатқан демеушінің қайрымды ізгі ниетерінің ұйытқысы деп білеміз» – деген ауыл әкімінің орынбасары Н. Байбахов балалардың жақсы оқып, болашағынан үміт күттірер білімді азамат болуларына тілек білдірді. Ауыл әкімшілігі тарапынан жыл сайын ізгілік шарасы жиі  ұйымдастырылып келеді. Осындай қайырымдылық шараны ұйымдастырып демеушілік жасаған барша азаматтарға мектеп ұжымы мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп құралдары салынған сөмкелерін иықтарына асынған балалар көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты. Ауданға қарасты елді мекендерде қайырымдылық акциясы жалғасын табады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Спортпен шұғылданушылар қатары 70-мыңға жуықтады

admin

Қалада тамыз айына дейін 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданды

admin

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

admin