The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жетісайдағы базардағы өртке байланысты комиссия құрылды

Бүгін, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы “Күлпаршын” базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты (Базардың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр).

Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті. Мәселе бақылауға алынды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шри-Ланкада 16 жастағы қазақстандық қайтыс болды

admin

​QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалымдарға пәтер кілті табысталды

admin

Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілді

admin