The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыста конституция күні аталып өтті

Бүгін қалалық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев пен Алмаз Сұлтанов, әкім кеңесшісі Гүлнар Сапарымбет, қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев және мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Айтулы шара Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталды. Сонымен қатар, Ата заңның айбынын айшықтайтын деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов жұртшылықты мерекемен құттықтады. «Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай. Еліміз үшін ең қастерлі де, ұлық мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын. Тамыры «Жеті жарғыдан» тартылған Ата заңымыздың айбыны асқақтай берсін», – деді Алмаз Советұлы.

Сондай-ақ, шара аясында өз міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар сала мамандары қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңы қалалық Мәдениет үйі  өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Олар көрермен назарына рухты әндер шырқап, патриоттық қойылымдарымен жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

В столичном вузе прошла лекция о ключевых реформах Конституции Казахстана

admin

ШЫМКЕНТ: Елімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су, дәстүрлі атауларымен өзгерту

admin

Түркістанда 200 адамды жұмыспен қамтитын зауыттың іргетасы қаланды

admin